Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоянбаевтың президенттікке үміткер екені рас па? ОСК жауап берді

Нұрлан Қоянбаев кандидатурасы орталық сайлауға келіп түспеген. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ОСК кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Нұрлан Қоянбаев

"Мұндай ақпарат келіп түскен жоқ. Мұны сол азаматтың өзінен сұраңыздар. Егер кез келген азамат қандай да бір қоғамдық бірлестік атынан ұсынылатын болса, орталық сайлау комиссиясы отырыстарында қарастыратын болады", - деп айтты ОСК төрағасының орынбасары Петров.

Еске сала кетсек, бүгін  интернетте шоумен Нұрлан Қоянбаев президент сайлауына кандидатурасын ұсынады деген ақпарат тараған болатын.

Талқылау