Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоянбаевтан кешірім сұраған Төреғали сын астында қалды (видео)

Әнші Төреғали Төреәлі түсірілім алаңына кешігіп келгені үшін Нұрлан Қоянбаевтан кешірім сұрап видео түсіреді. Аталған видеоны көргендер оның тележүргізушіні мазақ қылғанын айтып, сынап тастады.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы Уақытқа дейін Төреғали Төреәлінің қатарынан екі фильмге түсіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Әнші  түсірілім алаңына үнемі кешігіп келетін көрінеді. Мұны өзі де жасырмайды.

Ол “Қазақша бизнес” фильмінің түсіріліміне екі сағат уақытқа кешігіп келген екен. Осы әрекеті үшін Нұрлан Қоянбаевтан кешірім сұрап видео түсірген. Аталған видеоны көрген желі қолданушылары оны сынап тастады.

“Ассалаумағалейкум, қайырлы күн, достар! Қалайсыздар? Нұрлан Қоянбаев көкемнің “Қазақша бизнес” киносының түсіріліміндеміз. Екі сағатқа кешігіп қалғам. Кішкене ұялып отырмын”, – дейді Төреғали Төреәлі.

Сөзінің соңында әнші күледі. Тыңдармандары бұл күлкісінің кешірім сұраған адамға орынсыз екенін айтып жатыр.

Ұяттан жалғыз мен емес, көлігімде қызарып кетті🔴 ✌🏼сағат 😁 #БизнесПоКазахски 🎬 @nurlankoyanbayev

Видео опубликовано Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Желі қолданушылары “Ана күлкісімен түскені дұрыс емес қой. Мазақтап тұрған сияқты”, “Қуады екен өзі”, “Күлкісі қорқынышты екен. Қай жерін жақсы көресіңдер өзінің”, “Жаман күлесің, жаным”, “91 тобына әңгіме айтады, өзінің түрі жетісіп тұрған жоқ екен ғой. Барлығы гримнің арқасы” сынды пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар,  әншіні жақтап сөйлеп, оның әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүруін тілеген жандар да бар.

“Негізі сыни пікірлер керек, қыздар. Өзінің арқасы бар бала. Мұның барлығы оған өзіне бақылау жүргізуге көмектеседі. Ер жігіт қой, ештеңке етпейді. Ең жақсы көретін әншім менің”, “Күлкің керемет, арасында осылай салып тұр”, “Күлкісінде шаруаларың қанша. Өзі біледі”, “Өзі сондай сүйкімді. Әрдайым күліп жүрші” дейді екіншілері.

Әнші “Қазақша бизнес” фильмінен бөлек, “А+А” фильміне түскен екен.


Жіберіп алмаңыздар:

Желі қолданушылары Төреғалидің фотосессия кезінде мас болғанын айтты (фото, видео)

Әнші Төреғали Төреәлі қатарынан екі фильмге түсті

Ван Дамм Төреғали Төреәлінің әніне билеп жүр (видео)

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Талқылау