Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көтерілістен көз ашпаған Украина халқы тағы ереуілге шықты

Көтерілістен көз ашпаған Украина халқы тағы ереуілге шықты. Жоғарғы рада алдына бес мыңға жуық адам жиналып президент Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап етуде.

Полиция мен ұлттық гвардия үкіметтік кварталды түгел қоршауға алды. Сарапшылар жаппай наразылықты «үшінші Майданға» балап отыр, деп хабарлайды 31 арна.

Украинаның онға жуық қаласында екі мыңнан астам адам ереуілге шықты. Жиналғандар билікке үш талап қойып отыр. Бұл: жемқорлыққа қарсы тәуелсіз сот құру, депутаттардың қол сұғылмаушылық құқығын алып тастау және сайлау туралы жаңа заң қабылдау. Наразы топтың қатарында Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили мен «Бостандық», «Демократиялық альянс», «Ұлттық корпус» секілді партиялардың белсенділері де бар.

“Біз елде ештеңке өзгермейтінін анық түсіндік. 3 жылдың ішінде жағдай жақсармады. Порошенко бар кезде, ілгерілеу болмайтыны анық. Порошенко билікте отырғанда жемқорлықпен күрес жүргізілмейді”, – дейді саясаткер Михаил Саакашвили.

Жаппай наразылыққа байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген режимге көшіп, қала көшелеріне 3,5 мыңға жуық полиция шықты. Киевте «Жаңа күштер қозғалысы» партиясы мен оны қолдайтын оппозиция өкілдері күштік құрылымдармен қақтығысып, төрт адам зардап шекті. Жараланғандардың арасында полиция қызметкері де бар.

“Мен, бейбіт шерулер демократияның маңызды бөлігі -деп санаймын. Демонстранттарды сыйлаймын, оларға түсіністікпен қараймын. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларынан ереуілдің бейбіт күйін сақтап қалуды талап етемін”, – дейді Петр Порошенко.

Өз сөзінде Украина Президенті халықтың «депутаттардың қол сұғылмаушылық туралы дербес құқығын жою» өтінішін қолдайтынын да жеткізді. Десе де ереуілшілер алаңға тіккен шатырларын талаптары түгел орындалмайынша бұзбайтындарын айтып табандап тұр.

Тағы да оқыңыз:

Жиһадшылар Сириядағы соңғы плацдармынан айырылды

Мыңдаған рохинджа босқындары Мьянманы тастап Бангладеш шегарасына өтті

“Ислам мемлекеті” Филипп Киркоровтың концертінде жарылыс ұйымдастырмақ болды

Талқылау