Қостанайлықтың тренді: ауруханаға түспеу үшін шұлықты аяқ киімнің сыртынан кию

Бейсенбі, 25 Ақпан , 2016 10:23

Қостанайдағы ызғар шашқан қатал ауа-райы жаңа сән тенденциясының қалыптасуына әсер етуде. Ауырып аурухана жағаламас үшін, тұрғындар аяқ киім сыртынан шұлық қабаттап кие бастады. Мұндай әдіс көктайғақта жұмысқа аман-есен баруды қамтамасыз етеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

аааааа

Бірақ, бұған қарамастан жарақат емдеу орталықтары қауырт режимде жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер қазірге дейін сынған, құлаған, түрлі жарақаттар алған жүз шақты адамға ем-дом көрсеткен.

Александр Лукинов бүгін облыс орталығының жұлдызына айналды. Ол әлеуметтік желіде аяқ киім сыртынан киген шұлық суретін жариялаған еді. Ол бұл әдісті интернеттен көріп, қолданыпты. Расында жұмысқа барамын дегенше, бір де бір рет аяғы таймапты.

“Бұл тәсіл маған ұнады. Жұмысқа жақсы барып қайттым. Аяғым тайғанақтап, құламадым”, – дейді Александр Лукинов.

Ал Галина Власова көктайғақта құлап, қолын сындырып алған.

“Мынадай ауа-райы адамдарға да, дәрігерлерге де оңай тиіп жатқан жоқ. Екінің бірі құлап, көктайғақтан көресіні көріп жатыр. Бұл нағыз катастрофа”, – дейді Галина.

Көктайғақтың кесірінен бірінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы тоқтатылған. Бір тәулік ішінде 40 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соңғы үш күнде дәрігерлерге қаралатын адамдар саны үш есеге өсіп кеткен.

“Осы жағдайға байланысты кезекші бригаданы күндіз де, түнде де күшейттік. Барлық қажетті көмектер дер уақытында көрсетіліп жатыр”, – дейді Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шүменбаев.

Синоптиктердің мәліметінше, апта аяғында қайтадан жаңбыр жауып, тағы да күшті көктайғақ қайталанбақ. Ал наурыз айында температура тіпті төмендейді. Сәуірге дейін күн райы жыли қоймайды. Сондықтан қостанайлықтарға көктайғақпен күресе тұруға тура келмек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар