Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық жігіттің өліміне кінәлі бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

Бүгін Қостанай қаласының № 2 аудандық сотында 23 жастағы жігітті қағып өлтірген бұрынғы полицей Руслан Тәутеновке қатысты үкім шығарылды.

Қостанайлық жігіттің өліміне кінәлі бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

Бұл туралы alau.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің тергеу бөлімінің 32-жастағы бұрынғы басшысы Руслан Тәутенов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” және ҚК 347-бабы “Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу” бойынша айыпталды.

«ҚР ҚК 345-бабының 3 бөліміне сәйкес Тәутеновті 2 жыл 6 айға, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 347-бабы бойынша бір жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын. 58-баптың 2-бөліміне “Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау” сәйкес кемшіліктерді төмендете отырып Тәутенов екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеп, көлік құралдарын 3 жылға дейін басқаруға құқығынан айырылды», – делінген сот шешімінде.

Қостанайлық жігіттің өліміне кінәлі бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 1 қазанда орын алған болатын. Сол күнгі оқиға салдарынан 23 жастағы Мақсат Оспанов көз жұмды. Полиция қызметкері қағып кеткен жігіт оқиға орнында жан тапсырған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. 

Талқылау