Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық жігіт қоғамдық көлікте қарт кісіні өлімнен аман алып қалды

Сарыкөл-Қостанай бағытындағы қоғамдық көлікте жолаушы жігіт қарт кісінің өмірін аман алып қалды. Автобус ішінде кейуананың жүрегі сыр беріп, талып қалған. Қасындағы кішкене қызы қорыққанынан айғайлап жіберген.59611

Бұл туралы Қостанай таңы басылымы хабарлайды.

Жүргізушінің дәрі-дәрмек қобдишасында тек дәкеден басқа керек-жарақ болмаған. Сол мезетте жолаушылардың ішінен белгісіз бір азамат көмекке ұмтылады. Ол әйелдің аяқ-қолын уқалап, жасанды тыныс алдырған.

Көпшіліктің көзінше бір адамның тағдырын аман алып қалды.  Артынша ол азаматтың есімі Владимир Ермаков, сонымен қатар, әскери қызметкер екені белгілі болған.

Талқылау