Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық тұрғындар қардан КВ-2 танкін қалаған

Қостанай қаласының қала маңы тұрғындары қарды басқаша қолдану әдісін ойлап тапты. Олар қардан танк қалаған. Үлкендігі нағыз танкіден кем емес. Енді оның аймақтың көрікті жерлерінің қатарынан орын алары даусыз,- деп хабарлайды ктк арнасы.

fullimage

Қардан жасалған танк көшірмесінің авторы танкілерге қызығушылық танытатын бес жолдас көрінеді. Олар танк нобайын үшінші жыл қатарынан қалап келеді екен. Алғашқылары Т-34 пен Су-122 болса, бұл жолы олар ауыр салмақты КВ-2 танкісін қалауға бел буған. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдарындағы үлгі. Жастардың ісіне шенеуніктер де бей-жай қарамай, бірнеше тіркеме қар жеткізіп берген. Танк қалау үшін он тонна қар кеткен. Қарудың аузы іспетті кейбір бөлшектерін қардан жасау мүмкін болмағандықтан, кәдімгі құбырды пайдаланған. Танкі суға араластырылған жасыл эмульсиялы сырмен боялған. Туындыны жасауға жігіттердің екі ай уақыты кеткен екен.

«Танкіні ешқашан өз көзімізбен көрмегенбіз. Сондықтан толық масштабты үлгіні көргіміз келді. Бұл үлгі 1:1 масштабына сай келеді. Оның биіктігі мен ені 3.30 метр болса, ұзындығы 7 метрді құрайды. Шалғай аймақтарда тұрғаны үшін, танкілерді көру мүмкіндігіне ие бола алмадық. Бір данасы Кубинкада тұр. Екінші данасы Германияда қалған. Ал үшіншісі, әрине, біздің қаламызда»,- дейді идея авторы Қайрат Тоқмағамбетов.

Талқылау