Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық теміржолшылар жолаушылар алдында биледі (фото)

 31 мамыр күні Қостанай теміржол вокзалының күту залында сары кеудеше киген бір топ адам, бірден пайда болды. Күтпеген жерден көңілді әуен қосылып, бірдей киінген қыз-жігіттер билей бастады. Күту залында отырған жолаушылардың мұндай тосын сыйды күтпегені анық.

қостанай2

Бұл туралы Қостанай таңы басылымы жазды.

«Әдейі осы хореографиялық флешмобты  темекіден бас тарту күніне орай  вокзалда ұйымдастырдық»,- дейді «ҚТЖ» Жастар кеңесі бойынша аймақтық өкілі  Ильяс Исмаилов.

Флешмобты ұйымдастыру идеясының авторлары да осы вокзал қызметкерлері. Әр бөлімнің жігіттері мен қыздары өз мойындарына жауапкершілік алып, арнайы бірнеше күн дайындық жұмыстарын жүргізген. Жолаушылар алдымен болып жатқан жағдайды түсінбей қалған. Би басталған кезде көпшіліктің жүзіне күлкі ұялап, телефондарына түсіре бастаған.

қостанай3

«Туыстарыма  көрсетіп қостанайлықтар бізді осылай шығарып салды деп мақтанамын»,-дейді Таразға бармақшы болып жолға шыққан жолаушы  Жұлдыз Ізбасарова.

Би соңында қызғылт сары кеудешедегі бишілер бір орында қатып қалды. Олар алма бейнесінде тұрып қалды. Соңында  дауыс зорайтқыш арқылы бидің мақсаты айтылды.

қостанай1

Бұл бастама арқылы Қостанай темір жолының жас қызметкерлері жолаушыларды Әлемдік темекіден бас тарту күніне орай салауатты өмір салтын ұстануға шақырған. Жұртты спортпен айналысуға болмаса жай ғана билеуге  үгіттеуге ұмтылғандарын түсіндіре кетті.

 

Талқылау