Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық шенеунік әйел 56 мың литр бензиннің талонын ұрлағаны үшін сотталды

Бүгін Қостанайда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қаржы, жоспарлау және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бұрынғы басшысы Наталья Малийге қарсы үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

бензин

Шенеунік әйелдің үстінен жүргізілген тергеу барысында Малийдің алты жыл бойы бензинге арналған купондарды ұрлап келгені анықталды. Ол 2012 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 8,2 миллион теңге сомаға 56,186 литр бензиннің купондарын өзі иеленіп келген.

Алайда, бұрынғы басшы келтірілген залалдың орнын толтырды. Ол сот процесі басталғаннан бері кінәні мойындау жөнінде прокурормен келісім жасасуға ниет білдірді. Дәл осы келісім оған ауыр жазадан құтылуға көмек берді.

Нәтижесінде Қостанай қаласы сотының үкімімен Наталья Малий сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иелену немесе ұрлау, сондай-ақ қызметтік жалғандық жасау баптары бойынша кінәлі деп танылды. Осындай қылмыс жасаған бұрынғы шенеунік 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау