Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық полиция қызметкері мен бокстан Азия чемпионы ұрлық жасағаны үшін сотталуда

Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің қызметкері және оның бауыры болып табылатын бокс бойынша Азия чемпионы ұрлық жасады деп айыпталуда.

Қостанайлық полиция қызметкері мен бокстан Азия чемпионы ұрлық жасағаны үшін сотталуда

Бұл туралы «Наша газета» хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

2018 жылдың 10 ақпанында қостанайлық фотограф Кирилл Филлипенковтың пәтерін тонап кеткен. Ұсталған күдіктілер жәбірленушімен жақсы таныс. Фотограф бұрынғы боксшы Мұқаш Түлкенов пен Ішкі істер департаментінде полицей болып істейтін оның ағасы Азат Қасымовпен достық қарым-қатынаста болған. Ал Ішкі істер департаментінің қызметкері Асқар Әмреновтың қызының туған күнінде фотогроф ретінде мерекелік шараны суретке түсірген.

Фотографтың айтуынша, оның пәтерінен 5 миллионға жуық теңге жоғалып кеткен. Ұстау барысында Асқар Әмренов төртінші қабаттың терезесінен секіріп, полициядан жасырынуға тырысқан. Ол биіктіктен құлап аяғы мен қолын сындырып алған. Амренов  сот залына мүгедектер арбасында таңулы күйінде шықты.

Филиппенковтан басқа бағы бір жәбірленуші мен азаматтық талапкер бар. Соңғы жәбірленуші- ветеринария бөлімінің қызметкері Шоқан Тасмағамбетов. Прокурордың қысқаша түсініктемесі бойынша 14 қаңтарда оның 760 000 теңгеге жуық ақшасының ұрланғаны белгілі болды. Бұл ұрлықты Амренов пен Қасымов жасады деп айыпталуда.

Алайда, Тасмағамбетов қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш жасағысы келетінін бірден мәлімдеді. Себебі ол Әмренов және Қасымовпен татуласып, шығынның өтелгенін айтты.

Қысқаша үзілістен кейін судья Сатыбалды Оразбаев бұл істі қайтадан біліктілікке алып, осы оқиғаны қаралған істен алып тастауды талап етті.

Тағы оқыңыз: 

«Ақша қайда?»: Сенаторлар банктерді қолдауға бөлінген 3 триллион теңгеден астам ақшаның есебін сұрады

“Сізден басқа жоқ Құдай” деп елбасына өлең арнаған ақынға Жан Ахмадиев жауап рэп шығарды

Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін басы дауға қалған Qazkom ресми түрде кешірім сұрады (видео)

Астанада медициналық университетіндегі жанжалға кінәлілер жұмыстан қуылды

Талқылау