Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық полицей соттан өзін түрмеге отырғызуын сұрады

Қостанайда 25 жастағы жол-патрульді қызметінің бұрынғы сержанты пара алғандығы үшін жауапқа тартылуда. Прокурор айыпталушының 3,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуін талап етіп отыр. Бұрынғы полицей аталмыш сомманы төлей алмайтындықтан, оның орнына соттан бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрап отыр.

12621190

Бұл туралы аймақтық «Наш Костанай» басылымы жазған.

3 шілде күні сержант Е.М. ресейлік нөмірдегі көліктің иесін тоқтатқан. Көліктің ішінен алкогольдің иісі шығып тұрған. Көлік жүргізушісі ішімдік ішкенін мойындап, бұл істі «жылы жауып қоюды» ұсына бастайды. Экс-полицей  ол үшін 70 мың теңге беруі керектігін айтады. Арада бірнеше минут өткеннен кейін көлік жүргізушісіне әлдебіреулер 50 мың теңге әкеліп берген. Осыдан кейін екі тарап тәртіп бұзушының қалған ақшаны кейін беруіне өзара келіскен.

Екі аптадан кейін көлік жүргізушісі өз еркімен жемқорлыққа қарсы комитетіне жүгінген. Сержантты кездесуге шақырған ол оған 10 мың теңге ұстатқан. Ал қалған сомманы полицей “ұмыта салған”. Дәл сол сәтте экс-сержантты жемқорлыққа қарсы  қызметінің қызметкерлері ұстап алған.

Сот отырысында сержант өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Прокурор соттан 3,6 миллион теңге айыппұл тағайындауын сұраған. Одан бөлек, айыптаушы тарап айыпталушының мүлкін тәркілеп, құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуды, сержант атағынан айырып, экс-полицейдің меншігіне тиесілі «Лада» автокөлігін мемлекетке өткізуін талап еткен.

Айыпталушының қорғаушысы, экс-сержанттың бұл айыппұлды төлеуге ақшасы жоқ болғандықтан, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрап отыр. Экс-полицейдің жұбайы мен бір жасар сәбиі бар.

Жіберіп алмаңыз: 

150 мың теңге парадан бас тартқан полицияға сыйақы беріледі

Қазақстандық кәсіпкер көпшіліктің алдында полицияға пара беруден бас тартты

Атырауда пара алған полиция сотталды

Талқылау