Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық пісірген дүкен тұшпарасынан құрт шықты (фото)

Қостанайлық дүкен тұшпарасын пісіріп,жемекші болған кезде жағымсыз тосын сыйға тап болды. Әйел өзі  бір тістеген тұшпараның ішінен қарайған затты көрген. Тұшпараның нанын ашып, анықтап қараған кезде оның құрт екеніне көзі жеткен.

құртттт

«Тұшпараны сатып алып жегенді ұнататындардың назарына. «Киевские» тұшпарасының ішіне «Етке ет»  қосылған. Барлық дүкен сөрелерінен табуға болады»,- деп әзілдеген әйел өзінің желідегі парақшасында.

Мұны оқыған желі қолданушыларының бірі тұшпараға жауапты мекеменің үстінен шағымдануға кеңес берген. Енді бірі,  мұны жала жабу деп түсінетінін жеткізген.

 

 

Талқылау