Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда “қыз алып қашу операциясы” полицияны дүрліктірді

Қостанайда қызды алып қашқан жайт түсірілген видео ғаламтор желісіне жүктелгеннен кейін қылмыстық іс қозғалған. Тексере келе қызды алып қашу жайлы бейнежазба әдейі түсірілгені анықталған.

1383738264_74870000

Бұл туралы stan.kz сайты Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«24 жастағы жұмыссыз азамат не бәрі бірнеше күннің ішінде ғаламтор жұлдызына айналған. Бір күннің ішінде аталмыш ролик мың мәрте қаралған. Сол күні-ақ полиция жайтты тіркеп «қалыңдықты» іздестіре бастаған. Екінші күні қыздың өзі полицияға келіп бұл достарына арналған әзілі екенін айтқан»,-дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатында.

Қыздың айтуынша видео 30 қаңтар күні қаладағы мейрамханалардың бірінің алдында түсірген. Ол бұрыннан өзін ұрлау жайты бойынша видео түсіруді жоспарлап келген. Өзін көліктің жүксалғышына салып жатқан сәт жазылған видеоны жеке парақшасына жүктеген. Жазбаны қай досының көпшілікке таратып жібергенін тіптен білмей де қалған.

«Бір күннен кейін достарым,сыныптастарым маған хабарласып жағдайымды сұрады. Олар мені полиция мен журналистердің іздеп жүргенін айтып қалды»,-дейді бойжеткен.

«Ұрланған қалыңдық» полицияға хабарласқан кезде оны құқықтық құрылым қызметкерлері іздеп жатқан болатын. Адам ұрлау бабы бойынша қолға алынған қылмыстық іс енді тоқтатылды.

Талқылау