Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық оқушылар әкімдік сайтқа жалған ақпарат салған

Қостанайлық оқушылар мектепке бармау үшін әкімдік сайтқа сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты қолдан жасаған, деп хабалайды “Алау”.

Қостанайлық оқушылары сайттарға, телеарналарға, жергілікті әкімдіктің сайтына жалған жаңалық жарияланған. Онда 26 қараша күні №7, 17 және 21 мектептерде бірінші, екінші ауысымда оқитындар үшін сабақтың болмайтыны жазылған. Олардың сабаққа бармаудың  бір амалы екен.

Қостанай Білім объектілерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Евгений Терентьев жағалықтың бұрмаланғанын тапқан. Мысалы,  хабарламада фоторедактордың көмегімен бұрынғы уақыт көрсетілген цифрлар өшіріліп, сол күнгі уақыт жазылған. Тіпті, Қостанай әкімдігі сайтындағы “ресми” ақпаратты да қолдан жасаған. Бірнеше уақыт өткеннен скриншоттар өшірілді.

Негізі Қостанайда өткен күндері қатты көктайғаққа байланысты сабақтар шынымен де болмаған.

 

 

 

Талқылау