Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық мұғалім оқушылардан өзін «Мырза» деп атауды талап еткен

Қарасу ауданына қарасты Павловск ауылындағы мектеп мұғалімі оқушыларынан өзін «Мұғалім мырза» деп атауды талап еткен. Орта мектепте барлық сыныптар түгел емес. Он бірінші сынып мүлде жоқ, ал оныншы сыныпта төрт оқушы. Мектеп екірет 2012 және 2013 жылдары мемлекеттік аттестациялаудан өтпей қалған. Орта білім беру мекемесінің жұмысы жалғасып жатқанымен әлі де аттестациялаудан өтпеген.

veufkbv

Бұл туралы Қостанай жаңалықтары хабарлайды.

Өзін «Мұғалім мырза» деп атауды талап еткен мұғалім  әлі өзінің кәсіби дәрежесін алмаған, себебі ол мұғалімдікке оқуын жалғастыруда екен. Ата-аналар комитетінің мүшесі «мырза» деп атауды талап етудің қаншалықты заңды екенін сұрап аудандық білім басқармасына хабарласқан. Жауапта ондай талаптың заңсыз екені айтылған. «Жеке меншіктегі мектепте осындай талаптың қойылуы мүмкін» деген жауап алған. Толығрақ жауапты кейінрек беруге уәде еткендерімен, сол бойы басқа жауап болмаған.

Аудандық білім бөлімінің директоры өз кезегінде « Павловск мектебіндегі жас мұғалімнің қателігі қарастырылады деп ойлаймыз» деген жауап айтқан.

Жергілікті басылым журналистері мектеп директоры Салкеновпен осы мәселе бойынша сөйлескен. Алайда директор өз айтқандарын БАҚ арқылы таратпуады талап еткен.

Дәулет Салкеновтың айтуынша ол мектеп деңгейін көтеру мақсатында барын салып еңбек етіп жатыр. Бұрынғы директордың кезінде ол да аттестациялаудан өтпей қалған. Қазіргі басшыға барлық кемшіліктің орнын толтыруға үш жыл уақыт берілген.

Қаңтар айының соңғы күндерінің бірінде аудан әкімінің қатысуымен мектепте арнайы шара өткен. Онда жоғарғы сынып оқушылары сол өңір тарихы мен туған жері үшін еңбегі сіңген азаматтар жайлы айтқан.

Осы жылдың тамызында мектепте педогогтар конференциясы жоспарлануда екен. Сол кезде Павлов мектебінің деңгейі белгілі болмақ. Егерде мұғалімдердің білімдері қойылған талаптарға сай болса мемлекеттік аттестациялаудан өтулері мүмкін.

Талқылау