Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық дәрігерлер қыздың ішінен бір уыс шаш шығарып алды

Қостанай облысының хирургтары 16 жастағы қыздың асқазанынан бір уыс шашты шығарып алды.

photo_217557

Бұл туралы alau.kz хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, 16 жастағы қыз жыл басында өзін жайсыз сезіп, асқазанының ауыратынын айтқан.

«Бойжеткен құсып, ақырында біздің ауруханаға түсті. Қызды тексеріп, ФГДС жасадық. Сол кезде-ақ қыздың ішінде артық зат бар екені анықталды», – деді балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий.

Хирургтың сөзіне қарағанда, ата-анасы перзентінің шаш жұтқанын бала кезінде байқай алады, ал ересек жастағы баладан мұны аңғару қиын.

“Баласы сұйық тағам ішпей қойса да, ата-анасы уайымдай бастайды. Себебі асқазан-ішек жолдарынан астың өтуі қиындайды. Бұл жағдайда қыздың ішінде шаш көп болғандықтан, оны өңеш арқылы алу мүмкін болмады. Сол себепті операция жасауға тура келді», – деп атап өтті дәрігер.

Жіберіп алмаңыз:

Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?

Тарихи сәт: Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы қалай өтті? (видео)

Оралда командирдің бұйрығын орындамаған үш сарбаз тұтқынға алынды

Қостанай тұрғыны қанатына оқ тиіп жараланған аққуды құтқарып қалды

Талқылау