Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық дәрігерлер ит қауып алған баланың мұрнын сақтап қалды

Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасының дәрігелері ит қауып алған баланың бетіне қиын ота жасады.

Қазір баланың жағдайы жақсы, деп хабарлайды kstnews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жолы болып мұрнының сүйегі орнында қалған екен. Егер сүйегі сынса бала демала алмай қалар еді. Отадан кейін тіпті бұрынғы мұрнының қалпын сақтап қалған. “Ең қиыны – мұрындағы тері қабаты, шырышты қабығы, мұрын шеріншегі, сүйектен тұрады. Бастысы отадан кейін де мұрын бұрынғы қалпын жоғалтпай, дұрыс жұмыс жасау керек”, – деді  травматология бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Герасимов. Қостанайлық дәрігерлер бұған дейін де бет пластика бойынша арнайы әдіспен  ота жасаған. Бірақ мұрынға жасалуы бірінші рет екен.

Еске салсақ, оқиға Қостанайда болған. 8 жасар Жәңгір Қимашевті алабай ит қауып, мұрнын тістеп алған болатын.

Талқылау