Қостанайлық әжей 110 жасқа толды

Қостанайда Нағима әжей 110 жасқа толды. Қала әкімдігіндегілер әжейді туған күнімен құттықтап барды.

Нағима әжей 7 баланы өмірге әкеліп, оқытып аяққа тұрғызды. Нағима Жақыпқызы екінші дәрежелі “Ана” медалімен марапатталды, деп жазады Алау.

Нағиа әжей 1908 жылдың 10 қарашасында Меңдіқара ауданы, Қаратал совхозы, Қарағай ауылында өмірге келген. Мектепте оқып, ауыл жұмысына белсене араласты. сауыншы болып жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы жылдары жолдасы фронтқа аттанғанда егіс алқабында еңбек етті. Алада еңбегі үшін Мәскеуге жолдама алды. Жеңіс күніне арнайы алған марапаты мен мақтау қағаздары бар.

“Анам әңгімені жақсы айтады. Жолдасы жайлы әдемі естеліктер жазып жүрді. Шежіре жайлы, туыстары жайлы жазып, өлең шығаратын өнері д бар. Өзі ән айтатын. Оныі “Елге сәлем” өлеңіне жерлесі ән Қажығали Омаров ән жазған. Ол колледждің бұрынғы музыканты”, – дейді қызы Зәуре.

Нағима әжейдің бүгінде 20 немересі, 35 шөбересі, 4 шөпшегі бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар