Қостанайлық әйел танысын пышақтап өлтірді
Қостанайлық әйел өзімен бірге ішімдік ішкен танысына пышақ жарақатын келтіріп, өлтіріп қойды. 50 жастағы азаматтың өлімін Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Алдын ала тергеу барысында 46 жастағы әйел мен оның 50 жастағы танысының ішімдік ішкені анықталды.
«Кенеттен олардың арасында жанжал туған. Ұрыс кезінде 46 жастағы күдікті 50 жастағы жәбірленушіге пышақ жарақатын келтірген. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды », – деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
Оқиғадан кейін танысын пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынып, Жітіқара полиция бөлімшесінің уақытша ұстау абақтысына орналастырылды. Қазіргі уақытта «кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрзізіліп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау