Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық әйел 13 жасар қызына пышақ сұғып алды

Қостанайлық әйел 13 жасар қызын пышақтап тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Іс деректеріне сүйенсек, 33 жастағы әйел Қостанай тұрғыны кәмелетке толмаған қызына пышақ сұғып алған.

Ауыр дене жарақаттарын алған жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның асқазаны мен өкпесіне қатты зақым келген. Қазір жағдайы бірқалыпты. Өз қызына пышақ сұққан әйел ҚР ҚК 103-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша айыпталуда.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысының тұрғыны екі көзі бірдей көрмейтін ұлының Сирияға кетіп қалғанын айтып жылады

Елімізде жүргізушілер көлік нөміріне өз аты-жөнін жаздыра алады

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

 

Талқылау