Қостанайлық 77 жастағы ардагер гір көтеруден әлем чемпионатында топ жарды (фото)

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 15:37

Қостанайлық 77 жастағы Александр Чебаный Витебскте өткен дүниежүзілік олимпиададан үлкен жеңіспен оралды. Осы үш алтын жүлденің арқасында ардагердің қоржынындағы медалдар саны 129-ға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүгінгі күнге дейін қария 81 халықаралық жарысқа қатысып, Азия, Әлем, Европа чемпионаттарында 77 алтын медаль иеленген. Жалпы, қоржынындағы 129 медалдің 120-сы алтын, жетеуі күміс, екеуі қола жүлде.

“Бала кезімде мен әлжуаз, аурушаң болдым. Сосын 13 жасымда кітапханаға барып, иммунитетті артыру туралы кітаптар оқи бастадым. Кейін техникалық колледжді бітіріп, жұмыс істедім. Бірақ, жан-дүнием үнемі спортқа ауып тұрды”, – дейді ол.

Кейін қалада ашылған педагогикалық институттың денешынықтыру факультетіне оқуға түсіп, ауыр атлетикадан алғашқы жарыстарына қатыса бастайды. Кейін бапкер болып та шәкірт тәрбиелейді. 1999-2008 жылдары гір көтеру спортынан облыста аға бапкер, гір спорты және армрестлинг облыстық федерациясының басшысы болып қызмет етеді. 2009 жылы ол бапкерліктен кетіп, бар уақытын өзінің дене дайындығына жұмсайды.

“Салауатты өмір салтын ұстанып, жастарға үлгі болғым келді. Ал жақында Беларусияда өткен жарысқа әртүрлі мемлекеттен 35-90 жас аралығындағы 300 гір көтеруші келді”, – дейді Александр ақсақал.

Сайыс барысында қария серпе көтеруге 115, жұлқа көтеруде 141 рет гір тасын төбесінде ойнатады. Осылайша отандасымыз 75 жастан асқандар арасында үздік шығыпты. “Жеңіске жетіп, өз еліңнің әнұранын тыңдау ерекше бақыт” дейді ол. Қарияның басынан қиын сәттер де өткен. 2010 жылы ол бірінші деңгейлі қатерлі ісікке шалдығады.

“Спорттың арқасында мен жылдам қалпыма келіп, ауруды жеңдім. Бір жылдан соң қайтадан жарыстарға қатыса бастадым. Табысқа жету үшін тынбай тер төгіп, жиі әзілдеп, көңілді жүріп, мақсатыңа қарай қадам басуың керек. 77-ге келсем де демалып отырғым келмейді. Бос уақытым жоқ. Бақша дайындаймын, жаттығу жасаймын, қоғамдық жұмыстарға араласамын”, – дейді ардагер.

Оқи отырыңыз:

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар