Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдың бұрынғы әкімі 13 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрынғы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев ҚР ҚК 313, 24 баптары бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Қалиевті жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтесін деген үкім шығарды.

328a682bbf8f6cf979dcc94cc6b016fc_L

Сурет today.kz

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

 Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 13 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарланады “Қостанай таңы” облыстық газетінің сайтында.

Сайттың мәліметінше, Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов алдағы жаза мерзімін түзету мекемесінде өтейтін болады. Және сот оның дүние-мүлкі тәркіленсін деген шешімге келіп отыр. Бұл туралы аталған атышулы сотқа қатысып отырған тілшіміз Қыдырбек Қиысханұлы хабарлады. Бұған дейінгі өткен соттың жарыссөзінде прокурорлар қылмыстық істегі басты айыпталушы Ахмедбек Ахметжановты ҚР ҚК 366, 307, 365, 311, 24 баптарының бірнеше тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Ахмедбек Ахметжановпен қоса, Қостанай қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев және олармен сыбайлас болды деп айыпталған кәсіпкерлер Леонид Васильев, Сергей Биктибаев, Гагик Овнаняндарға да үкім кесілді. Бұрынғы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев ҚР ҚК 313, 24 баптары бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Қалиевті жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтесін деген үкім шығарды.

Кәсіпкерлер де қатаң жазалар алды. Сот Леонид Васильевке 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол алаяқтық жолмен мемлекеттік жауапты қызметкерлерге пара беруге көндірді, топ құрып, мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқау кезінде бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен әлденеше рет иемденді, пара беруші мен пара алушының арасында делдалдық атқарды деп айыпталған болатын.

“Стройметсервис-2007” ЖШС директоры Сергей Биктибаев қылмыстық кодекстің 177, 28, 312, 307, 367, 190, 245 баптары бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. “Сыл” ЖШС басшысы Гагик Овнанянды сот 10 жылға сотталсын деген үкім шығарды. Ол мемлекеттік лауазымды қызметкерге делдал арқылы әлденеше рет ірі көлемде пара берген, салық төлеуден және бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтарды деп айыпталған болатын.

 

Талқылау