Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы 18 жастағы қыздың өлімі: Екі полицей сот алдында жауап береді

Қостанай аудандық сотына Қостанай облыстық ІІБ-нің патрульдік полиция бөлімшесінің екі полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс материалдары түсті. Олар өз функционалдық міндеттерін дұрыс орындамаған деп айыпталуда. Естеріңізде болса, полицейлердің немқұрайлығының салдарынан 18 жастағы Дарья Махартова қайтыс болған еді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қостанайдағы 18 жастағы қыздың өлімі: Екі полицей сот алдында жауап береді
Қостанай облысының екі полиция қызметкері қылмыс туралы сенімді ақпарат ала тұрып және нақты мекен-жайды біле тұра өз міндеттерін дұрыс атқармады. Оларда қылмыстың алдын-алуға нақты мүмкіндік болды. Қылмыс болып жатқаны туралы хабар алған тәртіп сақшылары көліктерінен түспестен тек жолдың бойын тексерумен шектелген. Айналаны мұқият қарап шықпаған полицейлер содан кейін оқиға орнынан кетіп қалып отыр.

Нәтижесінде, полиция қызметкерлерінің біреуі шақырту қорытындысы бойынша бөлімшеге түскен хабарламаның расталмағаны туралы есеп толтырды. Және 2018 жылы 21 шілдеде материал номенклатуралық іс бойынша есептен шығарылды.

Алайда, 20 шілде күні жоғалып кеткен 18 жастағы Дарья Махартованың өлі денесі дәл сол аймақтан табылды.

Полицейлер өз міндеттерін дұрыс орындамау нәтижесінде 18 жастағы Дарья Махартова зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды. Енді тиісті міндетін орындамаған полицейлер 2018 жылдың 1 қазанында сот алдында жауап береді.

Айта кетейік, Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың өлі табылғаны туралы хабарланған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау