Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда үйінде босанып, баласын терезеден лақтырып жіберген қыз жазадан босатылды

Естеболса,  өткен жылдың желтоқсанында  Октябрьский ауылында 17 жастағы қыз өз үйінің әжетханасында босанып, нәрестені көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген еді. Қыздың ата-анасы оның жүктілігінен бейхабар болған. Әрі босанған кезде бір үйде болғанымен ештеңе естімеген, ұйықтап жатқан.

нәрестеееее

Бұл туралы  Наш Қостанай басылымы жазған.

Жерде жылап жатқан нәрестені осы үйде тұратын  ерлі-зайыптылар байқап қалған. Олар көшеден тауып алған баланы үйлеріне кіргізіп, жедел жәрдем шақыртқан. Бақытына орай бала далада көп жатпаған, жаурап үлгермеген.

Бір күннен кейін жергілікті полиция нәрестенің анасын тапқан. Осыдан кейін барып баланың әкесі 19 жастағы әскердегі жігіт екенін анықтаған.

Нәрестенің анасына қатысты «жаңа туылған баланы өлтіруге әрекеттену» бабы бойынша іс қозғалған. Алайда қыз сот алдында жауапқа тартылып, жазаланудан босатылды. Баланы  биологиялық анасының шешесі асырап алған. Яғни  нәрестені қазір әжесі бағып жатыр.

«Баланың әкесін жәбірленуші болып есептелінген. Себебі ол қыздың жүктілігінен бейхабар болыпты. Істі прокуратураға өткіздік. Орган қызметкерлері баланың әкесі мен анасы болашақта табысатынын анықтаған. Қыз күйеуін әскерден келгенше күтуге әзір. Ал жігіт оған үйленбекші»,-дейді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жылдары Қостанай облысында жаңадан туылған нәрестеден анасының бас тарту оқиғасы бірнеше рет қайталанған. Сәуір айнда Рудныйдағы қоқыс алаңынан жаңадан туылған баланың денесі табылған еді. Алайда нәрестенің анасы кім екені сол бойы табылмаған.

 

 

Талқылау