Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жырым-жырымы шыққан мемлекеттік ту желбіреп тұр

Қостанайдың Таран көшесі бойында орналасқан «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы мемлекеттік тудың жырым-жырымы шығыпты.

Безымянный

Бұл туралы Қостанай Таңы басылымы хабарлайды.

Құнды тарихи деректер сақталатын мекеме шаһардың қақ ортасында орналасқандықтан, алба-жұлба болған ту өткен-кеткеннің көзіне бірден түседі. Мемлекеттік рәміздің тоз-тозы шыққанын тұрғындар бір апта бұрын байқаған.

“Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн құрметтеуге мiндеттi» деп қадап жазылған. Маңызды мәселенінің анық-қанығын білу үшін бүгін сағат 16-00-де аталған мекемеге бардық. Өкінішке қарай, есігі жабық тұр екен”, – деп жазады автор.

Талқылау