Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жолаушылар пойызы жеңіл көлікті қағып өтті (видео)

Қостанай облысында теміржол бекеті бойында жолаушылар пойызы жеңіл көлікті қағып кетті.

Безымянный

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Төтенше оқиғаның видеосын Андрей Бурба есімді қолданушы ВКонтакте парақшасына салыпты. Қалдырылған пікірлерде оқиғаның Амангелді ауданы, Ақсай бекетінде болғаны жазылған.

Көріністен тіркеуіші бар автокөліктің теміржолдан өтпек болып тұрғанын байқауға болады. Қиылыстағы бағдаршам қызыл түсті жағып тұрған.

Өз бағытымен келе жатқан пойыз ескерту сигналын береді. Автомобиль барынша кесіп өтіп кетуге тырысқанымен, үлгермей қалған. Соқтығыстан соң тіркеуіш жақын қашықтыққа ұшып кетті де, пойыз автокөлікті қашан тоқтаймын дегенше сүйреп әкетеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ақмолада оқушы қыз емтихан алдында өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда жолаушылар автобусы таудағы көпірден сайға қарай құлап кетті

Атырауда 17 жастағы жеткіншектің 11 қылмысқа қатысы бар болып шықты

Шымкентте аурухана өртеніп, дәрігерлер мен науқастардың зәресін ұшырды

Талқылау