Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жол ережесін бұзған полицей жұмыстан қуылды

Қостанайда бағдаршамның қызыл түсін елемей, қызметтік  көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған тәртіп сақшысы жұмыстан қуылды7073a1db-a786-4282-b001-72ab6352175b

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Полицейдің ережені өрескел бұзғаны өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Онда қатты жылдамдықпен жүйткіген патрульдік машинаның, бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан өте шыққаны анық көрініп тұр. Ала жолақтың үстімен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргінші де сәл болмағанда тәртіп сақшысы тізгіндеген темір тұлпардың астында қалушы еді. Кейін анықталғанындай, көлікті 30 жастағы сержант жүргізген екен. Енді ол қызметтен қуылып қана қоймай, 21 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

“Ол бұл қылығын өзінің сол күні кезекшілікте жүргенін және шақыртуға асығып бара жатқандығымен түсіндірді. Бірақ сонда да бағдаршамның қызыл түсінен өтетіндей негіз болған жоқ”, – дейді Қостанай облыстық Жергілікті полиция қызметінің бастығы Нығмет Смағұлов.

Талқылау