Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

Қостанайда екі апта бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы Гүлнар Молдашеваның денесі табылды.

85555

Бұл туралы Alau.kz хабарлайды.

Әйел ағашта асылып тұрған жерінен табылған. Марқұмның туыстары ол өзін-өзі өлтіруі мүмкін емес дейді.

“Оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Оның екі баласы бар, ол өте жауапкершілігі жоғары әйел болды. Ол отырған күйінде сөмке бауына асулы қалпында табылды. Бұл қастандық”, – дейді әпкесі Жанар Байболова.

Еске салсақ, Гүлнар Молдашева 2017 жылдың 1 қыркүйегінде жоғалып кетті. Оны іздеу туралы хабарламалар әлеуметтік желілерде таралған болатын. Қазіргі кезде полиция “Адам өлімі” бабы бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да екі азаматты өлтіріп, үйді тонағандар кетерінде өрт қойып бүкіл отбасының көзін жоймақ болған

Америкалық лингвист Джонатан Вашингтон: Баламның есімі Төле бидің ұлымен аттас

Дидар Аяпов: Піріміздің аяғын сүйді дегендер санасы төмендер, тәрбие көрмегендер (видео)

Талқылау