Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жоғалып кеткен 14 жастағы алматылық қыз Көкшетаудан табылды

Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен алматылық жасөспірім Көкшетаудан табылды. Қостанайға қонаққа барған 14 жастағы қыз 11-шілдеде үйден шығып, қайта оралмаған. Бүгінде құқық қорғау органыың қызметкерлері іздеуде болған жасөспірімнің қайда болғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қостанайда жоғалып кеткен 14 жастағы алматылық қыз Көкшетаудан табылды

Полиция қызметкерлері 12 шілдеде Қостанайға қонаққа келіп, жоғалып кеткен 14 жастағы алматылық қыздың 11 шілдеде Әл-Фараби даңғылында орналасқан үйлердің бірінен шығып, қайтып оралмағанын хабарлады.

«Іздеу барысында кәмелетке толмаған жасөсіпірімнің Көкшетау қаласында жүргені анықталды. 14 жастағы қыздың қайда болғаны анықталған соң Қостанай полицейлері бірден Көкшетауға аттанды. Алматылық қыз жақын арада үйіне жеткізіледі», – деп түсіндірді ІІД-де.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау