Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда “жедел жәрдем” дәрігері бір отбасыны өлімнен құтқарып қалды

Қостанайда “жедел жәрдем” дәрігері екі бала мен анасын өлім аузынан аман алып қалды. Отбасы газға тұншығып қалған. Әйел тек жедел жәрдемді ғана шақырып үлгерген.

ывсс

Сурет ng.kz

Бұл туралы Наша газета хабарлайды.

“Жедел жәрдем” бөлімінің диспетчеріне қоңырау 12 сәуір күні түнгі сағат 01.54-те түседі. Қаладан тыс аймақтағы Құнай ауылында тұратын әйел баласының тұншығып жатқанын айтқан. Сол түні кезекшілікте болған Марина Самохвалова мен көлік жүргізушісі Ержет Амантаев дереу аттанып кеткен.

“Біз ұзақ жүреміз деп ойладым. Сол түні тұман түсті, сонда да жүргізушіні асықтырдым. 20 минут шамасында келдік. Бұл ауылдың ортасындағы екі қабатты үй екен. Біз есікті қаққанымызбен, ешкім ашпады. Диспетчер де бірнеше рет хабарласқанымен, үйдегі телефонды да ешкім көтермеді. Бір кезде қарасам, үйдің ішінде жарық жанып тұрған сияқты, алайда адам көрінбейді. Көршілерді де қақтық, ашпады. Жүргізуші көлігінің дабылын қосты. Бір кезде бір көршісі шығып, бұл әйелдің пеші түтіндеп кете берітінін айтты. Сол сәтте еш ойланбастан жылдам әрекетке кірістім”, – дейді дәрігер.Ол бірден есікті бұзып үйде тұншығып жатқан әйел мен екі баланы алып шығады.

Ол бірден есікті бұзып үйде тұншығып жатқан әйел мен екі баланы алып шығады.

“Алғашқы ойыма келген нәрсе – балаларды құтқара алмаймыз деп ойладым. Өйткені, олар ересектерге қарағанда газдан қатты уланады. Маған отбасыны құтқаруға көлік жүргізуші де көп көмектесті. Балаға нашатыр спиртін иіскетіп едік, қан қысымы көтерілді, сосын оған арнаулы препараттарды бердім”, – дейді Марина.

Бірінші болып Леша мен Дашаның анасы есін жияды. Әйел алғашқыда есеңгіреп қалғанымен, сәлден соң қалпына келіп дәрігерге көмектесе бастайды. 7-8 минуттан соң балалар да көздерін ашқан. Оларды балалар ауруханасына жеткізді. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты.

Талқылау