Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жас жұбайлар жол апатына түсті

Қостанайда тура той күні жас жұбайлар жол апатына түсті.

9898

Бұл туралы Alau.kz хабарлайды.

Жол апаты 19 тамыз күні Ленинград пен Садовая көшелерінің қиылысында болған. Куәгердің айтуынша, оқиға болған кезде оның үш жасар қызы әжесімен бірге көшеде тұрған.

“Олар серуендеуге шығып, біздің қақпаның алдында тұрған. Бір уақытта ол арадан кетіп қалып, мен оларды шақырдым. Кенет “Жол бер” деген белгі бар екеніне қарамастан ВАЗ 2114 ұшып келе жатты да KIA көлігіне соғылды. Ол қатты соққыдан біздің “Ниваға” соқты. Ол қақпаның қасында тұрған еді. Соққының күшті болғаны сонша ағаштың діңіне дейін қозғалды. Сол жерде біз тұрғанда, ойлаудың өзі қорқынышты”, – дейді куәгер.

Қыздың сөзінше, KIA көлігінде жас жұбайлар мен достары болған. Олар кафедегі неке қию рәсіміне бара жатыпты.

“Күйеу жігіт естен танып қалған, қыздың үсті-басы қан-қан болды. Бәрі шулап жатты. Күйеу жігітті үйге алып келіп, жатқыздық. Су ішіп алайын деген күйеу жолдас қатты шок алып ол да есінен танып қалды. Артынша жедел жәрдем шақырттық. Көп ұзамай жас жұбайлардың туыстары да келді”, – дейді әйел.

Оқи отырыңыз:

Астанаға жақын маңдағы орман жанынан адам сүйегі табылды

Полицей: Педофил мен шалбарын көтеріп жатқан баланы көргенде әлем көз алдымда жойылып кетті (видео)

Алматыда полицей төбелескен екі ер адамды ажыратпай жұмысын жалғастыра берді (видео)

Анастасия Заворотнюк Испаниядағы теракті кезінде өмірімен қош айтыса жаздады (видео)

Талқылау