Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жарылғыш зат баланың саусақтарын жұлып кетті

Қостанайда петардаға ұқсас жарылғыш зат баланың саусақтарын жұлып кеткен. 14 қаңтар күні облыстық балалар ауруханасына 10 және 13 жастағы екі жасөспірім түскен. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

b2817edf79750dc373157d782cce30ec_XL

“Полицейлер жасөпірімдердің белгісіз заттан жарақаттануына байланысты сотқа дейінгі тексеру жүргізіп жатыр. Зерттеу барысында аталған затқа сараптама жасалып, оқиғаның себептері анықталады”, – деді ІІД баспасөз қызметі.

Балалардың бірі жарылғыш зат кесірінен бірнеше саусағынан айырылып, денесі қатты күйіп, көп қан жоғалтқан.

“Менің отбасымда қайғылы жағдай болып отыр. 13 жастағы немере інім мен 10 жастағы туған інім белгісіз затты тауып алып, оны сіріңкемен тұтатқан. Үлкені қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Ал кішісін дәрігерлер бір аптадан соң жүгіріп кетеді дейді”, – деп жазды қостанайлық азамат әлеуметтік желіде.

Оқи отырыңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

Талқылау