Қостанайда жүйткіп бара жатқан адам толы автобустан қыз құлап кетті (видео)

Жұма, 10 Маусым , 2016 11:23

Қостанайда адам толы автобустан қыз құлап қалды. Жүргізуші есікті жабуды ұмытып кеткен. Қоғамдық көліктің артқы жағындағы есіктен құлаған қызға жол жерде өтіп бара жатқандар алғашқы көмек көрсеткен.

оьтрпи

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қала ортасында есігі ашық күйде жүйткіп бара жатқан автобустан жолаушы қыз ұшып құлап түскен. Арқасымен жерге түскен қыз есін жия алмай, түкке түсінбей қалса да орнынан көтерілуге талпынған.

Зардап шегушіні Қостанайдағы ауруханадан табу қиынға түспеді. Бірақ 18 жасар қыз сұхбат беруден бас тартты. Есімін де атамаған бойжеткен қазір нейрохирургиялық бөлімде ем қабылдап жатыр.

“Оның еш жері сынбаған, тек денесінің жұмсақ бөліктері жарақаттанып, миы шайқалған. Емделгеннен кейін де тексеруден өтуді жалғастыру керек”, – дейді Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шүменбаев.

Қыз полицейлер мен дәрігерлерге №5 автобусқа мінгенін айтқан. Есікке артқа қараған күйі тақалып, тұтқадан ұстап тұрған. Көлік бұрылған кезде тепе-теңдік ұстай алмай ашық есіктен сыртқа құлап түскен.

Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері аталған автобус жүргізушісін ұстады. Оның әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің ережені өрескел бұзуы жол қауіпсіздігіне кедергі туғызып, жолаушы денсаулығына зиян келтіріп отыр”, – деді Қостанай облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысы Құрмет Мәжікенов.

Ал автопарк болса пікір білдіруден бас тартты. Көлік жүргізушісімен де тілдесу мүмкін болмады. Негізі автобус жүргізушілерінің мұндай бейәдеп қылықтары әдетке айналып кеткен десе де болады. Тіпті мұндай оқиғалар елімізде жиі орын алуда. Біраз бұрын Алматыда 85 жастағы қария троллейбустан түсіп үлгермей ауыр жарақат алған болатын. Ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал туыстары жол қозғалысы мен жолаушыға немқұрайлы қараған жүргізушіні сотқа бермек.

Ал Қостанайдағы көлік жүргізушісі бұл әрекеті үшін заң бойынша айыппұл төлеп, жүргізушілік куәлігінен айырылуы тиіс екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар