Қостанайда зейнеткерді азық-түлік үшін өлтірген жігіт 17 жылға сотталды

Жұма, 27 Қараша , 2015 23:10

Қостанайда бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған 27 жастағы Марат Төкенов 17 жылға сотталды.

Убийство-1_1

 

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған 27 жастағы Марат Төкеновке қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Іс материалдары бойынша,2015 жылдың 22 сәуірінде Төкенов механизатор болып жұмысқа орналасады. Содан Қарасу ауылына түсті металл қалдықтарын өткізуге барады.

Түсті металлдан 600 теңге алып, сотталушы ішімдік сатып алады. Оны өзінің таныстарымен бөлісіп ішеді. Кешке сағат 20.00 шамасында Қарасу ауылының мәдениет үйіне қарай аяңдайды. Содан ол жол бойындағы жылу құбыры үстінде ұйықтап қалады. Суықтан оянған Төкенов ұрлық жасамақ болады. Өзі білетін, жалғыз тұратын 79 жастағы зейнеткердің үйіне барады. .

Сыртқы терезе арқылы пәтерге еніп, ұйықтап жатқан әйелді бас салып, оны тепкінің астына алып, ақша талап етеді.

Кейін үйден асханалық пышақ тауып алып, зейнеткерге 8 рет пышақ салады. Өмірлік маңызды дене ағзаларына жарақат алған зейнеткер сол жерде қаза болады.

Ал қылмыскер жәбірленушінің сырғасын, азық-түлігін, пластикалық картасын, жеке куәлігін алып тайып тұрады.

Сот К.Төкеновты ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі 3,4-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 3,8-тармағы, 384-бабының 2-бөлігі бойынша (қарақшылық, кісі өлтіру, ұрлық, жеке куәлікті ұрлау)  айыпты деп танып, оған 17 жыл ерекше тәртіптегі колонияға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар ҚР ҚК-нің  384-бабының 2-бөлігі бойынша Төкенов мемлекет пайдасына 50 АЕК, яғни 99 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар