Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда зейнеткер өзін өзі өртеп, қаза тапты

Қостанайда қария туған қызымен болған дау-жанжалдан кейін, өзін өртеп жіберген. 02-02-2016-kostanay-01

Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шүменбаевтың айтуынша, 67 жастағы зейнеткердің денесінің 90 пайызын күйік шалған. Ол аурухананың жан сақтау бөлімінде бір күн жатып, 30 қаңтар күні қайтыс болды.

Зейнеткер қызымен келіспей қалғаннан кейін үстіне белгісіз сұйықтықты құйып, от тұтатып жіберген. Қазір марқұмның қызына Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша «өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі» деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Талқылау