Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырмауға рұқсат беретін анықтама үшін 20 мың теңге төлеген: Екпе алғысы келмеген мұғалім алаяқтарға ұрынды

Қостанайлық мұғалім коронавирусқа қарсы вакцина салдырмауға рұқсат беретін анықтама жасатпақ болып, алаяқтарға ұрынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Гипертония мен демікпесі бар әйел танысымен сөйлесу кезінде мектеп директорының вакцинация паспорты болуы керек деген. Жекеменшік зертханадағы бағасын анықтай келе қызметтің құны 120 мың теңгені құрайтынын білген. Осылайша жеке емханалар бұдан табыс жасамақ болған. Танысы мұғалімге 20 мың теңгеге анықтама бере алатын адамның нөмірін ұсынған", – деп атап өтті Тұрлыбек брифингте.

Әйелдің айтуынша, анықтаманы төлем жасағаннан кейінгі күні әкеліп тастаған. Алайда әріптесімен сөйлескен соң ол анықтаманың шынайылығына күдікпен қарай бастаған, өйткені анықтамада кейбір мәліметтер жетіспеген.



"Ашуланған әйел мемлекеттік емханаға бет алып, анықтама жасалды деген медициналық бөлімге барған, онда ол бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасармен жолыққан. Медицина басшысы полицияға жалған құжат жайлы хабарлаған", – дейді Тұрлыбек.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 385-бабы "құжаттарды қолдан жасау" бойынша тіркелген, ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көздейді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және тергеу шараларын жүргізуде.

Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 385-бабында "жалған құжаттарды, мөртабан, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" деп жазылған. Бап 2000 АЕК (5,8 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Талқылау