Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ұлы мен анасы 24 жылдан соң кездескен (фото)

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Марат Бучиев көп жылдар бойы анасын іздеп келген. Оның анасын табуына “и” әрпі кедергі болған. Бірақ, бұл жолы ол да кедергі жасай алмапты.

eswepiZEExE

Бұл туралы kstnews.kz хабарлайды

“Мен Бучиева фамилиясымен анамды көп іздедім. Менің құжатымда осылай жазылған.2008 жылы балалар үйінен кетіп, жол жұмысшысы болып, сосын көлік жуу бекетінде, ТЖО-да, жүк көтеруші болып жұмыс істедім. Тіпті, моншаға арнап сыпыртқы да жасадым. Осы кездің бәрінде анамды іздедім. Төлегеновтер отбасы маған көп көмектесті. Менің анамды да тауып берген солар. Сөйтсем, анамның тегі Бучнева екен. Қазір мен жатып алам да ойланам, бір әріп адам тағдырына қалай әсер етеді, ә?”, – деп таңданады Марат.

Gtu8sfnSlR4

Анаңды қалай елестетесің деген сұраққа: “Ол қандай болмасын, мені өмірге әкелгені үшін алғысым шексіз”, – дейді Марат.

HN6EcyaRjiw

Победа ауылы Ресей шекарасына жақын жерде орналасқан. Рахиля Бучнева ұлын күтіп, тағат табар емес. Ұлын көрген сәтте көзіне жс алып, оны құшағына алды. Осы сәтте оның құлағынан сырғасы түсіп қалды. Алайда, ол қуаныштан оны да байқамады. Ұлынан кешірім сұрап, айналып толғанып жатыр.

P3FIjSs95Q0

Ұлы анасына басу айтып, оны іздегенін, достарына әрдайым анасын іздеп табатынын айтып жүретінін жеткізді.

Үйге кіргесін Марат Алматы колледжінде карамель-кондитер мамандығы бойынша оқып жатқанын, қазір кафеде аспаз болып жұмыс істейтінін айтты. Анасы оның 7 ағасы мен әпкесі бар екенін айтып жатыр.

WzaA4GKZ5bA

Мараттың анасының айтуынша, ол 1991 жылы Маратты өмірге әкелген. Оның әкесі өзін тастап кеткендіктен, ол не істерін білмеген. Оралмай кеткен адамына байланысты ешнәрсені есіне алғысы келмеген. Өз-өзіне келген соң баласын іздей бастаған. Алайда, дәрігерлер ұлын шетінеп кетті деген. Кейінен енесінің алып кеткенін айтқан. Одан соң балалар үйінде деп есттіпті. Осы уақытқа дейін ұлын ойлаумен жүрген. Оны босанған 28 желтоқсан күні оған ауыр тиіп келген.

Бірін бірі көп жылдар іздеген ана мен бала ақыры табысты. Қазір ұлы мен анасы тіл табысып, кешірім сұрасып, мауқын баса алмауда.

Талқылау