Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда түсініксіз мақұлық адам басындай болатын жұмыртқаны жарып шыққан

 Әулиекөл ауданының Қазанбасы округінде Бағаналы деген ауыл бар. Бұл ауылды жан-жағынан қалың орман қоршап тұр. Жақын күндері бұл елді мекенде тылсым жағдай орын алды.

мақұлық

Бұл туралы  “Қостанай таңы” басылымы хабарлайды.

Жылыту науқаны басталғалы бері қазан айында әкелінген көмірді енді тазартып,жаға бастаған. Көп көмірдің арасынан үлкендігі кәдімгі дүкендегі бөлкедей болатын “жұмыртқа” шығыпты. Пеш жағушылар бұл не зат екенін білу үшін әлгіні күрекпен ұрып,ашпақшы болған.

Сыртқы қабаты да желімдей жабысқақ екен. Тіпті де жұмыртқаға ұқсамайды. Ішіннен 20 сантиметрдей ұсқыны құртқа ұқсас мақұлық шыққан.

img-20160113-wa0007

Аң-таң болған жұмысшылар дереу мектептегі еңбек кабинетіне әкеліп, түр-сипатын анықтап көру үшін су құяды. Сол кезде құйрық жағы үрленіп, аздап қимылдай бастайды.Таяқпен түртіп қалса, жаңағы жәндік өзінің түсін көгілдірге өзгертіп жіберген. Ауылдағылар бұның қандай жәндік немесе жануар  екенін білмей дал болған соң, ауылдық округтың әкіміне хабарласып, бар жағдайды баяндайды. Әкім қаладағы ғылыми зерттеу институтына хабарласыңдар депті.

img-20160112-wa0012

Сонау жерден біздің жаққа келе қоймас деп, ауыл тұрғындары да қазіргі күнде еш қимыл жасамай отыр. Әлгі мақұлықтың 30 градустық аяздарда қалай шыдап, тірі қалғаны таңғаларлық. Ұсқыны не жыланға келмейді, не біздің жақта тіршілік етер ешбір жәндікке ұқсамайды. Куәгерлердің айтуы бойынша, әлгінің аузында кішкене азу тістері бар. Сол жерде жұмыс істейтін Гена атты жігіт жұмыртқаны да, әлгі мақұлықты да үйіне алып кеткен екен. Осындай жұмбақ мақұлықпен кездескен ауыл тұрғындары қаладағы арнайы органдар хабардар болсын деген оймен жергілікті журналистерге  хабарласыпты.

 

 

Талқылау