Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда туған әкесі екі жыл бойы өз қызын зорлаған

Өз қызын зорлаған Қостанай тұрғыны 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

817227

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

16 жасар туған қызын екі жыл бойы зорлағаны үшін 38 жастағы ер адамға қатысты сот алды тергеу ісі 2017 жылы 18 наурызда басталған. Күдікті қамауға алынған болатын. Тергеу нәтижелері бойынша, 18 мамыр күні облыстық прокуратура қылмыстық істі Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді.

“Аталған қылмысты жасағаны үшін, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің бабына сәйкес, айыпты тұлға он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір лауазымды иеленуіне немесе белгілі бір қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салынуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, — делінген Қостанай облысы прокуратурасының бапсасөз қызметі хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Талқылау