Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда тағы да нанның ішінен ағаш жаңқасы шықты

Қостанай маңында орналасқан Мичурин ауылының тұрғындары нанның арасынан ағаш жаңқасын тапты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанайда тағы да нанның ішінен ағаш жаңқасы шықты

Аймақтық басылымының хабарлауынша, бұл жағдай демалыс күні болған. Бойжеткен үйінің маңындағы дүкендердің бірінен ақ нан сатып алды. Бөлкедегі ағаш жаңқасын қыздың әкесі кешкі ас ішетін кезде тауып алған. Ер адамның қырағылығының арқасында отбасы қандай да бір оқыс жағдайдан аман қалды.

«Әкем оны бәрі тамақ ішпей тұрып көріп қалды. Соның арқасында ешкімге зиян келген жоқ», – дейді ауыл тұрғыны.

Наннан ағаш жаңқасын тауып алған отбасы бұл бөлкені дүкенге қай наубайхана жеткізгенін анықтауға тырыспады. Сондай-ақ, отбасы сол нанды сатқан дүкенге де шағымданбады.

Бірақ, облыс тұрғындары осындай жағдайлардың жиілеп кеткеніне наразылық білдіруде. Тамыз айының ортасында 14 жасар Алина Масалская нанның арасындағы ағаш жаңқасын жұтып қойып, тамағын жарақаттап алған болатын. Кейінірек дәрігерлер жасөспірімнің тамағында тұрып қалған ағаш жаңқасын алып тастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау