Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда су тасқынынан жүздеген үй суға кетті

Аймақтардағы ахуал әлі де күрделі. Әсіресе Қостанай облысында. Мұнда 4 бірдей аудан тасқын зардабын тартып жатыр. Жүздеген үйді су басқан. Құтқарушылар тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруде. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі тасқынның беті қайта бастады дегенімен, топан су Қарасу ауданындағы 8 елді-мекенге кез-келген уақытта жетуі мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.

костанай су таскыны 1904

Қызыл судың әлегі Қостанай облысын да әуреге салып жатыр. Соңғы 9 күн ішінде 4 бірдей ауданда су апаты орын алған. Ал суға кеткен үйлер саны жүзден асады. Қазіргі уақытта Наурызым, Әулиекөл, Сарыкөл аудандарында қауіптің біраз беті қайтқан. Алайда, Қарасу ауданында 8 елдімекен әлі де қауіп өртінде тұр.

«171 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Барлығы да туған-туыстарының уйіне орналастырылып жатыр. Сондай-ақ, олардың мал-мүлкі де қауіпсіз жерге шығарылып жатыр. Тұрғындарды су апатынан сақтандыру үшін құтқарушылардан бөлек, жергілікті әкімшілік пен полиция қызметкерлері түгел атсалысуда», – дейді Қостанай облыстық ТЖД-нің бас маманы Уәлихан Досанов.

Облыстық төтенше жағдай департаменті өкілдерінің айтуынша, облыс аумағында арнасынан тасып жатқан өзен жоқ. Ал жұртты әбігерге түсіріп жатқан қыстайғы жауған қар мен мұздықтардың еріген суы екен.

«Облыс әкімінің шешімімен тасқын салдарынан малынан айрылған азаматтарға 100 пайыз өтемакы төленетін болды. Қазіргі уақытта 2 бірдей комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар уйді-уйді аралап, шығындарды есептеп шығатын болады», – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк.

Жалпы облыс аумағында тасқынның әуелгі қарқынының біраз беті қайтқан. Дегенмен, қызыл судың қаупі оқтын-оқтын әр жерде көрініс беріп жатыр. Сондықтан, құтқарушылар су тасқынының әлі де қайталануын жоққа шығармайды.

Жіберіп алмаңыз:

Мектеп оқушысы Сапарбаевтан «ағалап» көмек сұрады (видео)

Ел аумағында нөсерлі жауын жауып, үсік жүреді

Қызылордада мұғалімнен 5 мың теңге пара сұраған директор сотталып кетті

Қазақстан имамдары «Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебі» ұстанымын бекітті

 

Талқылау