Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда студенттер «Асық Party» ұйымдастырды

Қостанайда Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің журналистика және филология мамандығының студенттері асық атудан сайыс ұйымдастырды.

13092012_1585419098437409_4586231834977245618_nа

Бұл туралы Қостанай таңы хабарлайды.

Жиылғандар қарасы көп. Соның ішінде он екі қатысушы тіркеліп, екі топқа бөлініп, мергендіктерін сынады. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттерден бастап түрлі сала қызметкерлері де болды. Ереже бойынша ең көп ұпай жинаған екі топтың үздігі өзара кім мықтыны анықтады. Финалда Мағжан Боранбайұлын ұтқан Наурызбай Аманбаевтың «асығы алшысынан түсті». Сақасын иіруде ептілік танытып, мергендігімен танылған жастар түрлі сыйлықтармен марапатталды.
“Асық Party” еліміздің барлық облыстарында өткізіліп келеді. Ұлттық өнерімізді ұлықтау – баршамызға міндет. Біз құндылықтарымызды жоғалтып алмауымыз керек. Енді бұл сайыстың аясын кеңейтіп, бұқаралық сипат алуына жағдай жасаймыз. Бастаманы қолдап, келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз, — деді гуманитарлық-әлеуметтік факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Барсақбаева.
Жиынның одан кейінгі бөлімі “Қызыл жалау” ойынына арналды. Қатысушылар үш команда құрып, қызықты өнер көрсетті. Бұдан соң жастар ұлттық дәстүрдің үлгісін паш етіп, “Сақина салу” рәсімін өткізді.
Талқылау