Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда сот күзетшісі өз-өзін ішінен атты

Қазір қызметкер қалалық ауруханада жатыр. Ол оқ тию салдарынан жарақат алған.

rev

Сурет ntv.ru сайтынан алынды

Қостанай қаласындағы №2 соттың «Күзет» қызметкері табельдік қарумен өзінің ішінен атқан, деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.

«Осы жылдың 11 ақпанында қалалық №2 сот ғимаратында Қостанай облыстық «Арнайы күзет қызметі басқармасының» қызметкері 1991 жылы туған полиция Мейірбек Нұржанов, сағат 20.45 шамасында табельдік қаруды абайсызда қолданып, өз-өзінен ішінен атып алған», – делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, қызметкер қазіргі сәтте қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Аталған дерек негізінде, Қостанай облыстық ІІД тексеріс жүргізіп жатыр.

Талқылау