Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда шлагбаумның кесірінен жедел жәрдем науқасқа көмек көрсете алмай қалды

Қостанайда жедел медициналық көмек бекетінің автокөлігі емделушінің ауласына кіре алмай қалды.

scsss

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Жедел жәрдемге шақыру Хакімжанов көшесіндегі №60 үйден келіп түскен. Онда зейнеткердің жағдайы нашарлағаны хабарланған. Алайда аулаға кіреберіс металл шлагбауыммен жабық болғандықтан, жедел жәрдем көлігі әрі қарай кіре алмай қойған.

Жедел көмек көрсету бекеті бас дәрігері Ирина Штейгервельдтің айтуынша, бұл өте үлкен проблема. Бұл жағдайдың шешімін таппай келе жатқанына бірнеше жыл болған.

“Осы мәселені қанша көтерсекте, талай жерде айтсақта әлі шешімін табатын емес. Біз аурудың өмірі үшін жауапты болғандықтан, жаяу барып, оны жаяу зембіл немесе сырғытқы арқылы тасимыз. Бірақ, осындай шлагбаумдар, ауладағы қалай болса солай қойылған көліктер кесірінен біз қаншама алтын уақыттарымызды жоғалтамыз”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде “пәтер тонады” деген күдікті түрмеде аузын тігіп, аштық жариялап жатыр

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ешкімге айтпаған сырларымен бөлісті

Алматыда 1 тамыздан бастап жол ақысы 150 теңге болады

Мұратхан Тоқмадидің қылмыс әлеміндегі беделі жайында тың ақпарат шықты

Талқылау