Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда салынған көпқабатты үйлердің қабырғасы жарыла бастады

Құрылысқа жауаптылардың айтуынша, қабырғалардың жарылуына  жер асты сулары себеп.

60 пәтерлі үй осы жылдың желтоқсанына эксплуатацияға беріледі деп жоспарланған. Құрылысшылар оның аяқталмаған сызбасын жасап үлгерген еді, деп жазады Аlau.kz.

«Су көтеріліп жатыр. Сол себепті жер асты сулары шықты. Қазір комиссия құрылады. Жерасты сулары тексеріледі. Не болатынын комиссия шешеді», – дейді құрылысшылардың бірі.

Құрылыс басшыларының айтуынша, жұмыс кезінде ешқандай сапасыз жұмыстар жасамалмаған. Қазір жұмыс тоқтап тұр. Олардың айтуынша, осы аймақтағы өзге құрылыс орнында да жерасты суына байланысты осындай келеңсіздіктер болуда.

Құрылысшылар осы уақыт ішінде бір ғана қабатты қалап үлгерді. Олар жерасты суының кедергі екенін дәлелдеу үшін мысал етінде тағы бір нысанды атады. Оның айналасы да суға толған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау