Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полиция майоры ұйымдасқан қылмыстық топқа қамқорлық жасап келген

Айыпталушы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі емес. Алайда А., П.,К. басқарған топтың қылмыстық әрекеттерін, сонымен қатар топ құрамын, оның басшылық бағанасын, заңсыз есірткі саудасын жүргізу әдістерін егжей-тегжейлі білген.

v_sud_06159300

Бұл туралы STAN.КZ Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

«Қостанай қаласының №2 сотына 41 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті. Тергеу материалдары бойынша, Қостанай облыстық ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасының ерекше істер жөніндегі бөлімнің аға жедел уәкілі қызметін атқарған, полиция майоры шенді азамат К. 2008-2012 жылдар аралығында Қостанай қаласында ұйымдасқан қылмыстық топқа қамқорлық жасаған.

Бұрынғы полиция қызметкері қызметтік лауазымын асыра пайдаланған, нақты ұйымдасқан топ мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартпау түрінде қамқоршылық танытқан», делінген хабарламада.

Осылайша, К. ҚР ҚК-нің 307 бабы 4 бөлігімен (қызметтік лауазымын асыра пайдалану) қарастырылған (16.07.1997 жылғы редакцияда) қылмысты жасаған.

Басты сот отырысы жақын уақытта тағайындалады.

Талқылау