Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция көлігіне зат қалдырған адамның әрекеті күдік тудырды (видео)

Қостанадай полицейлердің қатысуымен түсірілген тағы бір бейнежазба шу тудырды. Аталмыш сәтті белгісіз біреу видеоға түсіріп, интернетке салып жіберген.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бейнежазбада белгісіз ер адам полицей көлігінің алдыңғы есігін ашып, ішінен бір зат алып дереу ізін суытады. Бұл кезде жолға көліктерге қарап тұрған тәртіп сақшысы ту сыртында не болып жатқанын тіпті де байқамай қалған.

Видеоны түсірген автор сол сәтті өз пәтерінің терезесінен бақылап тұрыпты. Ал әлеуметтік желі қолданушылары авторға қолдау білдірген. Қоғамдық белсенді Руслан Лазута өзінің  жұмыстармен айналысу барысында, көлік жүргізушілерінің полицейлерге параны қалай мұқият беретіндігін де байқапты.

“Әдетте олар параны полицей көлігіндегі алдыңғы орындыққа қалдырып кетеді”, – дейді Руслан Лазута.

Алайда Қостанай облыстық ІІД қазақстандықтарға бұл оқиғаға қатысты алдын-ала тұжырым жасамауға шақыруда. Полицейлер бұл бейнежазбаны WhatsApp мессенджері арқылы алып, қызметтік зерттеуді де бастап та кеткен. Қызметкердің кім екені анықталған, енді тек көлік жүргізушісін табу ғана қалыпты.

“Бұл видео туралы алдын-ала нақты болжам айтуға болмайды. Видеода белгісіз ер адамның көлік есігін ашып, бір әрекет жасағаны көрінеді. Бірақ, ол онда бірдеңе тастады ма, әлде алып кетті ме ол белгісіз”, – дейді Қостанай облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Анатолий Чуйко.

Тәртіп сақшылары егер бұл істің коррупцияға қатысы бар екенін дәлелдесе қылмыстық іс қозғамақ. Бұл кезде пара беруші де, алушы да қатар жауапқа тартылады. Бұл парақорлық болмаған күннің өзінде де, бейтаныс адамды көлігіне жіберіп қойғаны үшін полицейге ескерту беріліп жазаланбақ.

Талқылау