Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полицейлердің жұмысын тексермек болған жалған террорист ұсталды

Қостанай бизнес орталығында жарылғыш зат бар деп хабарлаған СҚО тұрғыны сот санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

10e07078-e716-4a0b-962d-ad8c91c6e839

Фото: diapazon.kz

Қостанай облысы ІІД баспасөз орталығының хабарлауынша, ҚР ҚК 273 бабы (“Терроризм актісі туралы жалған хабарлау”) бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында күдіктіге жаза тағайындалуда. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Оқиға 18 шілде күні таңғы уақытта болған. 42 жастағы ер адам Сity Kostanai бизнес орталығының күзетшісіне келіп, ғимаратта бомба бар деп хабарлаған. Тез арада оқиға орнына полиция мен арнайы қызмет келді. Орталық әмбебап дүкеннің және бизнес орталықтың келушілері көшірілді. Ғимаратты және оның аумағын тексеру барысында күдікті заттар табылған жоқ. Жалған хабарлама таратқаны үшін ұсталған ер адам Қостанай күш құрылымдарының қалай жұмыс істейтінін тексергісі келгенін айтты.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция жыл басынан бері жалған терроризм туралы 6 қылмыстық іс қозғаған.

Талқылау