Қостанайда полицейлер жанкүйерлерді аяздан құтқарды

Бейсенбі, 4 Ақпан , 2016 13:10

Рудныйдан облыс орталығына түнде жаяу келе жатқан жасөспірімдерді полицейлер байқап, Қостанайға жеткізіп салып, олардың аязда қалып қоюының алдын алды.

04-02-2016-Kutkarushylar

Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасай отырып stan.kz хабарлады.

Қостанайда тұратын хоккейдің бір топ жанкүйерлері «Горняк» хоккей клубын қолдау үшін Рудный қаласында өткен жарысқа барады. Олар жарысты ұйымдастырушылар жанкүйерлерді үйлеріне жеткізіп тастайды деп ойлапты.

Қалталарындағы ақшасына жарысқа билет, тамақ алады да, автобусты ойламайды. Ойын біткен соң Қостанайдан барған 20 жігіт түнделетіп Рудныйдан жаяу тартады. Екі қаланың арасы 45 шақырым. Ауа райы борандатып тұр. Оларды жол полицейлері аға сержант Дәулет Тілеукенов пен кіші сержант Асхат Жайлыбаев байқап қалады.

«Түнгі сағат 22.00 шамасында жол шетімен кетіп бара жатқан жастарды көрдік. Сұрай келгенде олар «Горняктың» жанкүйердері екен, кішісі 16, ересектері 20 жастағы жігіттер, арнайы жарысқа келіпті», – деді аға сержант Дәулет Тілеукенов

Полицейлер автобус шақыртып, оларды облыс орталығындағы автовокзалға жеткізіп салады. Және олардың ата-аналарына күтіп алуды хабарлады.

Еске сала кетсек, Дәулет Тілеукенов 2012 жылы суға батып бара жатқан адамды әріптесімен бірге құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын. Сонымен қатар оның есімі «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына» енген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар