Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полицейлер қызға көмектесіп, артынша оны тонаған ер адамды ұстады

18 маусым күні Қостанай қаласында Чкалов көшесіндегі пәтерлердің бірінде 24 жастағы қызға шабуыл жасалған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

nashbryanskru_zaderzhali-800x500_c1

Сурет ullica.ru

Зардап шеккен қыз көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде күйеуімен тұрады екен. Сол күні оның жұбайы үйде болмаған. Қыз кіреберістегі есікті аша алмаған. Осы кезде баспалдақпен түсіп келе жатқан жас жігіт, оған өз көмегін ұсынған.

Ешнәрседен күдіктенбеген қыз белгісіз адамға пәтерінің кілтін береді. Жігіт те тез арада пәтер есігін ашып берген. Бірақ, қас-қағым сәтте ол қызды итеріп салып, пәтерге бірге кіріп келеді.

Асүй пышағын алып қорқытқан ер адам қыздан ақша талап еткен. Жас жұбайлар үйде ірі көлемдегі ақша ұстамағандықтан, оған қолындағы 1500 теңгесін ұстатқан. Ақшаны алған күдікті дереу қашып шығып кетеді. Зардап шегуші бірден полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру шараларының арқасында, күдіктінің бұрын сотталған 28 жастағы Қостанай тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 192 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау